Алаяқтық, кәззәптық, найсаптық, сұрқиялық

lat: Alaıaqtyq, kázzáptyq, naısaptyq, surqıalyq

Алаяқ болушылық.

Ертең кеңседе жиналыс болады да, сонда әлгі үшеуінің алаяқтығы әшкереленеді (З.Жәкенов).

Демек нағыз кәззәптыққа, баукеспелікке де бастайтын осы жол екен ғой (Ж. Алтайбаев).

Сендер қасымызда балалар жоқ екен деп, үлкендердің арасында найсаптық істедіңдер (Ж. Өмірбеков).

Біз пікір алысуды жақтаймыз, бірaқ Каутскийдің сұрқиялық icіне қарсымыз («Әдебиет майданы»).